"Асар күні" күні

Көктемгі «Наурыз» мерекесін тойлау аясында «Асар күні» біз Облыстық балалар ауруханасында және үйден оқитын оқушылардың үйінде қонақ болдық. Біздің мектептің парламенті , мектеп мұғалімдерімен бірге дәстүрлі қайырымдылық акциясын табысты өткізді!
Мектеп Парламенті ұйымдастырған бұл тамаша шара біздің ежелден келе жатқан дәстүріміз және мейірімділік пен қолдаудың символы болып табылады. Биылғы жылы «Асар күні» қайырымдылық акциясы Наурыз мерекесі күндері өткізілгендіктен ерекше әсерлі әрі маңызды болды! Біздің оқушыларымыз, мұғалімдеріміз және ата-аналарымыз осы акцияға белсене қатысты.Олар жинаған сыйлықтар балаларға табыс етілді. Біз осы шын мәнінде игі қайырымдылық акциясына қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз. Күшіміз-бірлікте! Біз егіп жатқан игілік бізге екі есе қайтарылсын. «Асар күні» акциясы мейірімділік пен өзара көмек жолындағы тағы бір тамаша қадам болсын. Бірге жақсылық жасап, күн сайын жарқырайық!